Жарияланған күні: 23.08.2025
Петропавлдың басты көшесінде субұрқақ іске қосылды
Қазақстан Конституциясы көшесі жаңа кейіпке енуде. Жарық шамдары ауыстырылып, амфитеатр мен заманауи абаттандыру элементтері орнатылды. Енді бұл аумақ тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Барлық жұмыстар қалалық дизайн-код талаптарына сай жүзеге асырылды.

Көптен күткен құрғақ субұрқақ іске қосылды. Су аркаларымен жабдықталған бұл нысан – «Taза Қазақстан» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстың бір бөлігі. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында пластик бөтелкелерді қабылдайтын фандоматтар орнатылды. Тұрғындар қалдықты өткізіп, бонус жинай алады.
Қаланы көркейтуге бағытталған жүйелі жұмыс жалғасатын болады.

