Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыста қару сақтаудың ережесін елемеген 190 адам жауапқа тартылды

Жыл басынан бері облыста 297 адам қаруды сақтау ережесін бұзған. Тіркелмеген қаруды сақтаудың 94 фактісі анықталған. Тіркеу мерзімдерін бұзған 190-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Облыста тұяқты жануарларға аңшылық жасауға рұқсат етілген. Қыркүйек айында су құстарына аңшылық маусымы ашылмақ. Осыған байланысты полицейлер саятшылармен кездесті.


Тәртіп сақшылары аңшыларға қарумен қалай жұмыс істеуді үйретті. Басты мақсат — қайғылы жайттардың алдын алу.

Талаптарға тоқталсақ, әр аңшының өзімен бірге рұқсат құжаттары болуы шарт. Сондай-ақ қаруды заңнама талаптарына сай — оқ-дәрісіз, бөлшектеп және қаптап тасымалдау қажет. Ең бастысы, қаруды мас күйінде қолдануға қатаң тыйым салынады.

— Профилактикалық шара тамыздың 19-нан 26-на дейін өткізілді. Қаладағы барлық қаруы бар жандармен тілдестік. Түсіндірме жұмыстарын жүргіздік-, дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының инспекторы Мейірман Советов.

Ақжар ауданында әйел ер адамды пышақтады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *