Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Жақында Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болған Әсем Айтолла қызметін ауыстырып, өңір басшысының баспасөз қызметіне ауысқан болатын. Шаһар жетекшісі командасындағы журналистік орын көпке босаған жоқ. Бүгін бұл лауазымға Тимур Жұманов тағайындалды.

Ресми ақпратқа сәйкес, Тимур Жұманов Аққайың ауданы Смирново ауылының тумасы. Жасы — 33-те. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Агрономия» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2009 жылы бастады.
2009-2012 жылдарын аралығында «СҚО ауыл жастары Одағы» КҚ жобалар бойынша менеджері болды. Кейін Аққайың тұқым зертханасында тұқым сарапшысының көмекшісі, Аққайың ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ аудандық және облыстық деңгейдегі жастар бастамалары орталығын басқарды.
2017 жылдан бастап Тимур Жұманов жеке секторда да тәжірибе жинады. Ол «Есіл Өңірлік даму орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды. Инвестициялық жобаның менеджері, сату бойынша өңірлік менеджер болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап Qazaqstan Media желілік басылымының директоры болды.
СҚО әкімі тұрғындарды Конституция күнімен құттықтады

