Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда өрт-сөндіру спортшы бойынша ел кубогы жарысы өтуде

Петропавлда Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы VIII кубогы басталды. Мықтылардың мықтысы жиналған жарыс «Қарасай» стадионында өтіп жатыр.

Кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру жарысында жеңіске жететін спортшыны болжай алмайсың. Бұл сайыста кез-келген сәтте құлауың немесе қолыңдағы жабдық түсіп кетуі мүмкін. Сол үшін қатысушы асқан шапшаң, епті болуы тиіс.

Назарбек Әнуарбеков жарады. Астаналық құтқарушы жарыс жолына өзімен бірге шыққан қарсыластарын шаң қаптырып, мәреге бірінші жетті. Тіркелген уақыт 17 секундтқа таяп қалады.

— Бұл жерде екі метрлік қоршаудан өтеміз, өрт сөндіру жеңін аламыз, оны жалғаймыз және мәреге дейін жүгіреміз. Барлығы жақсы дайындалған. Барлығымыздың қалауымыз — жеңіске жету. Мықтының мықтысы жеңеді деген ойдамын,- деді Астана қаласынан келген қатысушы Назарбек Әнуарбеков.

Төрт күнге созылатын Петропавлдағы додаға 10 ерлер және 10 әйелдер командасы қатысады. 300 жуық спортшының ішінен 24 адам іріктіледі. Сол қыз-жігіттер Сауд Арабиясында қазан айында өтетін Әлем біріншілігіне қатыспақ.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан құрамасы — үздіктердің бірі. Отандастарымыз соңғы жылдары бірінші бестіктен көрініп жүр.

СҚО әкімі Аққайың ауданына барды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *