Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда қазақ театры жаңа маусымын ашты

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры өзінің 27-ші театр маусымының шымылдығын ашты. Мерекелік кешке келген көрермен театрландырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

«Өмір. Театр. Тарих» атты театрландырылған композиция арқылы өнер ұжымы тетар тарихына шолу жасап, репертуардағы үздік қойылымдардан үзінділер көрсетті. Кеш барысында театр оркестрі, «Шабыт» би ансамблі мен «Сенситив» би тетары сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменді ерекше әсерге бөледі. Жаңа театр маусымында сахнаға жас актерлер қосылып, жаңа леп әкелді.

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының 27-маусымы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Театр ұжымының биылғы дайындығы да нығыз, жоспары да ауқымды. Жаңа маусым аясында тың қойылымдар, соның ішінде «Мөлдір махаббат» және «Смағұл шыңы» премьерасы көрермен назарына ұсынылмақ.

Петропавлда медициналық колледж студенттері мен оқытушылары Президент жолдауын тыңдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *