Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жылыту маусымы басталады

СҚО-да жылыту маусымына дайындыққа 41 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Әлеуметтік нысандар маңызды кезеңге толықтай дайын.

—  Білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласы нысандары маңызды кезеңге толықтай әзір. Ал көпқабатты үйлердің дайындық көрсеткіші 80 пайызды құрайды. 30 қыркүйек күні аймақта барлық нысандарға жылу берілетін болады, — деді Данияр Қуанышбаев.

Теміржол тұйықтарында тапшылық пен дүрбелең болмас үшін халық алдын ала дайындалуы қажет. Қыркүйек айында облысқа 766 вагон қатты отын жетті. Бұл — 52 мың 525 тонна. Таңдау бар. Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің сөзінше, шаһарға ертең толығымен жылу беріледі.

— Петропавлда барлығы 171 әлеуметтік нысан бар. 106 білім беру мекемесі дайындық паспортын алды. Олардың қазандықтарын жуу және қысымын тексеру үшін 2 млн теңге қаржы бөлінді. Шаһарда 25 денсаулық сақтау, 16 мәдениет нысаны бар. Оларға жеткілік көлемже көмір жеткіздік, — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

СҚО-да 51 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *