Жарияланған күні: 23.10.2025
Республика күні қарсаңында Парламент сенатының Құрмет грамоталары табысталды
Петропавлда өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бірқатар азаматқа Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының Құрмет грамоталарын табыстады.

Республика күні қарсаңында өңір депутаттары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына мемлекеттік қызмет жүйесіндегі көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалі табысталды.

