Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жерлестеріміз Президент қолынан марапат алды

Мемлекет басшысының Жарлығымен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені «Мәмбетов және К» КС механизаторы Қаражұманов Мұрат Кеңесұлына берілді.


Мұрат Кеңесұлы – маңдай терін туған жердің игілігіне арнаған нағыз еңбек адамы. Ол – еңбекті қадір тұтқан, диқаншылықты өмірінің мәніне айналдырған үлкен әулеттің лайықты өкілі. Мамлют ауданының тумалары Қаражұмановтар әулетінің жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады. Бұл – табандылықтың, еңбекке адалдықтың және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы.

Сондай-ақ, Аққайың ауданының «Дайындық Агро» ЖШС бас агрономы Сағандықов Азамат Айтоллаұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  Сағандықовтар әулеті – ауыл еңбегінің нанын білген, адалдық пен табандылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген отбасы. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 110 жылдан асады.

Петропавлда «Үздік шебер» байқауы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *