9 айдың қорытындысы: СҚО-ның дамуы талқыланды
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, оның барысында 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңір экономикасы 12,6 пайызға өсті. Тұрақты өсім келесі салалар бойынша байқалады:
Құрылыс – +27,3%
Сауда – +12,0%
Өңдеу өнеркәсібі – +19,3%
Ауыл шаруашылығы – +10,1%
Тұрғын үйдің құрылысы – +2,8%
Инвестициялар – +10,4%
9 ай қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды, алайда жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды, деді өңір басшысы. Одан бөлек, Үкімет бекіткен экономиканың 6,5% өсу жоспарын орындауды қамтамасыз ету қажет. Облыс әкімі тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

