Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да медицина саласына қатысты шағымдар азаяр емес

Облыстың медицина саласына қатысты тұрғындардың шағымы көбеймесе, азайған емес. Мұны өңір тұрғындары алға тартып отыр. Көбіне жерлестеріміз дәрігерге жазылудың қиындығы, ұзын-сонар кезектер мен қабылдау ұйымдастырудағы олқылықтарға шағымданады екен.

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бұл мәселені облыстық әкімдіктегі жиында көтерді. Денсаулық сақтау басқармасына ерекше бақылауға алуды және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Әкімнің айтуынша, биылдың басынан бері медицина саласына қатысты 1139 өтініш түскен. Оның 542-сі амбулаторлық-поликлиникалық көмекке, 249-ы стационарлық қызметке, 77-сі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде емханалар мен ауруханалардағы қызмет көрсету сапасына қатысты сын пікірлер жиі жарияланып жүр.

Ғауез Нұрмұхамбетов мысал ретінде облыстық онкодиспансерде өткен жағдайды келтірді. 18 қазанда мұнда сүт безі обырын анықтауға арналған ашық есік күні ұйымдастырылған. Таңертеңнен бастап әйелдер кезекке тұрған, алайда қабылдау тек екі дәрігермен 9:00-ден 13:00-ге дейін ғана жүргізілген. Нәтижесінде алыстан ат терлетіп арнайы келген көптеген әйел қабылдауға кіре алмаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Әмрин аталған жағдай бойынша жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, ашық есік күні негізінен ағартушылық сипатқа ие, дәрігерлер азаматтарға онкологиялық аурулардың белгілері жөнінде түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

— Кейбір пациенттер барлық тексерулерді бір күнде өткізгісі келеді – МРТ, УДЗ, КТ. Бірақ бұл мүмкін емес, себебі диагностика тек тіркелген емханаларда жасалады, – деді Сәкен Әмрин.

Облыс әкімі медицина саласына қатысты мәселелерді түйіндеп, өңірде дәрігерлермен өткізілетін ашық есік күндер акцияларының пайдасын халық сезінуі керектігін алға тартты.

— Түрлі акциялар өтіп жатыр. Бірақ берер нәтижелері шамалы. Емханаларда өтетін шараларға науқастар келіп, сұрақтарына жауап алу керек. Акция акция үшін өткізілмеуі қажет, — деді облыс әкімі.

Петропавлда су бұру арнасының құрлысы аяқталуға жақын

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *