Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл көшелерін қардан тазартуға заманауи технологиялар пайдаланбақ

Биыл облыс жолдарында 232 жылыту пункті жұмыс істейді. Қарды шығарып, жолдарды ашуға мыңға жуық арнайы техника және 1 863 жұмысшы жұмылдырылады. 

Петропавлдағы көшелердің жалпы ұзындығы – 366 км. Жолдарды қардан тазарту үшін биыл ол 8 секторға бөлінген. Жауапты ұйымдар күнделікті 170 арнайы техниканы көшеге шығармақ.

– Біз қаладан қарды шығару қызметін цифрландыруды жоспарлап отырмыз, яғни жасанды интеллект қолданылады. Бағдарлама әзірленіп жатыр, шамамен 10-15 күн ішінде дайын болады. Әр техника GPS навигатормен қамтамасыз етіледі. Бұл навигаторлар және камералар бағдарламаға қосылады. Осылайша, техниканың қай жерде жұмыс істеп жатқанын, қардың қалай және қандай көлемде шығарылып жатқанын бақылауға мүмкіндік туады, — дейді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Қар төгетін полигондарға да бейнекамералар орнатылып, барлығы біртұтас цифрлық жүйеге біріктіріледі. Енді шығарылған қар көлемін есептеу жұмысын жасанды интеллект атқарады. Қазіргі уақытта екі полигон дайын, оның бірі – резервтік.

Петропавлда қалалық мәслихатқа жаңадан депутат сайланды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *