Петропавлда Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күні аталып өтілді
Қазан айының соңғы жексенбісі — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкері күні. Бұл айтулы мейрамға орай, Қызылжар креатив орталығында салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиында әлеуметтік саланың жүгін арқалаған бірнеше азаматқа министрліктің төсбелгісі, өңір басшысының құрмет грамотасы және алғыс хаттары табысталды. Шарада облыс әкімінің атынан оның орынбасары Нұрлан Кеңесов құттықтады.
— Мемлекет басшысы әлеуметтік әділдік пен халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударып отыр. Бұл міндеттерді іске асыруда сіздердің қосқан үлестеріңіз ерекше. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын, — облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов.
Қазіргі таңда облыстағы әлеуметтік қорғау саласында 3 мыңға жуық адам еңбек етеді. Биыл олар 3600 жерлесімізге көмек көрсеткен. 29 мүмкіндігі шектеулі жанның 1,3 млрд теңгеге арнайы қондырғы алуына септесіпті. Айта кету керек, бүгін 30-ға жуық адам құрметке бөленді.