Жарияланған күні: 04.11.2025
Петропавлдық актер Ресейдегі байқауда жүлделі оралды
Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Ресейдегі халықаралық фестивальге қатысып, қанжығасын майлады. Өнер додасында қарашаңырақтың белді актері Асылхан Разиев «Ең үздік ер адам рөлі» аталымында жеңімпаз атанды.

Аталмыш фестиваль Хакасия Республикасының Бакан қаласында ұйымдастырылды. Халықаралық өнер бәйгесіне Ресей, Қырғызстан мен еліміздің өнер ұжымдары қатысты. 10 театрдың ішінде өнер көрсеткен Асылхан Разиевке жеңіс бұйырды.
С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері Н.Гогольдің «Жындының жазбалары» спектаклінде ойнап, өз рөлін жоғары деңгейде сомдағаны үшін жеңіс тұғырына көтерілді. Асылхан Разиевке «Ең үздік ер адам рөлі» марапаты табысталды.
«AMANAT» партиясының мүшелері 101 жасқа келген Петропавл тұрғынына жолықты

