«AMANAT» партиясының мүшелері 101 жасқа келген Петропавл тұрғынына жолықты
Биыл жазда Петропавл тұрғыны Ольга Ершова 101 жасқа толды. Орайы туып, «AMANAT» патриясының өкілдері ғасырдан асқа зейнеткердің үйіне барды.

«AMANAT» партиясы филиалының баспасөз қызметі хабарлайды, Ольга Ершоваға қонаққа партияның атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов пен облыстық мәслихат депутаты Қанат Киікбаев келді. Меймандар 101 жасқа келген зейнеткерді құттықтап, қарттарды қолдау айлығы аясында кейуанаға сыйлықтарын табыс етті.
— Қарттар — біздің қазынамыз. Оларды құрметтеп, хал-жағдайын білу жастардың бүгінгі басты міндеті. Біз оларды алақанымызда ұстап, барынша көмек көрсетуіміз керек. Партия ұйымдастырған акция жоспарлы түрде әлі де өткізіле бермек, — деді Жеңіс Асанов.
Қарттар мен мүгедектерді қолдау айылығы аясында мұндай шаралар аясында бірнеше зейнеткерге сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бірқатар кездесулер өтті. Басты мақсаты — жастар мен аға буын өкілдері арасындағы байланысты үзбеу.
Петропавл қаласының әкімі азаматтарды қабылдады

