Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Экологияға қатысты 131 заңбұзушылық анықталды

Биыл облыстық экология департаменті 216 тексерістің нәтижесінде 131 заңбұзушылықты анықтады.

Биылғы тексерулердің 14-і нысанға бару арқылы профилактикалық бақылау болса, 182-сі кәсіпкерлік субъектісіне бармай жүргізілген. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс 8 тексеру ұйымдастырылып, 12 субъектінің біліктілік талаптарына сәйкестігі тексерілді. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін 90 нұсқама беріліп, оның 83% орындалған. 

Жыл басынан бері құқық бұзушылықтарға байланысты жалпы сомасы 13,6 млн теңгеден асатын 32 әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ 24 ескерту шығарылып, 6 материал сотқа жіберілді. Сот шешімімен бес әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бір әкімшілік істі қарау уақытша тоқтатылған.

Құқық бұзушылар әкімшілік айыппұлды өз еріктерімен төлеп, бюджетке 13,3 млн теңгеден астам қаражат түсті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *