Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ға ірі қара мал жеткізілді

СҚО-ға «Береке» бағдарламасы бойынша ірі қара малдың алғашқы партиясы келіп жетті. 

Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірісін кеңейту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. «СК Агро 2050» ЖШС сүт-тауар фермасына Германиядан 165 голштин-фриз тұқымды құнажыннан тұратын алғашқы партия келді.

Қажетті процедуралардан өткен соң Қарағанды әуежайында жануарлар Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан сүт-тауар фермасына жеткізілді. Келген мал басын карантинге орналастырды, онда көзделген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Жоба аясында 660 бас асыл тұқымды мал әкелу қарастырылған. Қалған 495 құнажын кезең-кезеңімен жеткізеді.

Асыл тұқымды малды сатып алу мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. «Солтүстік» ӘКК арқылы «Береке» бағдарламасы бойынша аталған бағытты іске асыруға 1,4 млрд теңге қаржыландырылды.

Өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басын әкелу кәсіпорынға сапалы аналық ядро қалыптастыруға, сауын табынын ұлғайтуға және сүт өндірісінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдау кәсіпорынның өндірістік қуаттарын технологиялық жаңарту және кеңейту үшін жағдай жасайды.

Жоба ХТФ-да мал басын кезең-кезеңмен 12 мың басқа дейін ұлғайтуды көздейді. Кешен жоспарлы көрсеткіштерге шыққаннан кейін тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өндіріледі деп күтілуде. Бұдан басқа, жобаны іске асыру 120-дан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту, отандық өнім өндірісін ұлғайту және асыл тұқымдық базаны нығайту мемлекеттік аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басын пайдалану сүт өндірісінің тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға ықпал етеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *