Жарияланған күні: 11.09.2026
Жұмысшы кентінде құрғақ шөп өртенді
Петропавлдағы Жұмысшы кенті маңында қызыл жалын құрғақ шөпке түсті. Салдарынан бірнеше гектар аумақ өртке оранды.
Қызыл жалын Шаховское ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының сыртында орналасқан алаңда құрғақ орын алды.
— Петропавлда құрғақ шөп жанды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті жою жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда, — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өрттің шамамен ауданы мен сөндіруге жұмылдырылған күштер мен техниканың санын нақтылаған жоқ.

