Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Информационное агентство

СҚО-да түрік компаниясының жоба жүзеге аспақ

Солтүстік Қазақстан облысында түрік компаниясы «Tiryaki Agro» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жалғастыруда. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, «Tiryaki Agro» компаниясының өңірлік директоры Коксал Салих Юлдузбен кездесу өтті.

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында май экстракциялық зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ оны іске асырудың одан арғы кезеңдері мен жобаны кеңейту перспективалары. Өңірде өндірістік қуаттарды ұлғайту және қайта өңдеу өндірісін одан әрі дамыту мүмкіндігін қарастырды.

— Кездесу қорытындысы бойынша жобаны табысты іске асыруға және сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілік расталды. Инвестициялық жобаны іске асыру агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу секторын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашып, қосымша инвестициялар тартып, өңірдің экспорттық әлеуетін арттырады, — деп атап өтті басқармада.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *