Петропавлда тарихи ескерткіштер тексерілді
Соңғы бес жылдың ішінде облыс орталығы аумағындағы барлық тарихи ескерткіштер тексеріліп, кейбірі апаттық жағдайда екені анықталды.
СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директоры Асқар Жәменовтің айтуынша, Петропавлда 107 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Оның ішінде 4 ескерткіш республикалық мәртебеге ие, олар: «Абылай хан резиденциясы», Янгузаров көпестің үйі, Юзефович көпестің үйі және Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші.
Орталық директорының айтуынша, апаттық жағдайда тұрған «Шулепов көпестің үйі» ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2032 әскери бөліміне қарайды. Қазіргі уақытта Шекара қызметінің өкілдерімен консультативтік жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Мердігер Пироговтың үйіне» де жөндеу қажет. Жеке меншіктегі нысан нөсер кәрізінің болмауына байланысты жаңбыр жауып, қар еріген кезде суда қалады. Ескерткішке жөндеу жұмысы қажет.
— Орталық, тарихи-мәдени мұра объектілерінде ғылыми-реставрациялау және жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізеді. Жұмыстар бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес бұл жұмыс түрлерін лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар жүргізеді, — дейді орталық директоры.
Петропавлдықтар Нұрқожа Қайпановты қарсы алып, облыс басшылығы су жаңа көлік сыйлады