Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі жерлестерімізді Республика күнімен құттықтады

Бүгін — Республика күні. Мерекемен алғашқылардың бірі болып, өңір тұрғындарын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Ізгі тілегін өңір басшысы әлеуметтік желіде жариялады. 

Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі солтүстікқазақстандықтарға бақыт тілеп, әр отбасы үшін мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті. 

— Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — халқымыздың азаттыққа деген асқақ мұраты мен ел болашағын өз қолына алуға ұмтылысының жарқын белгісі. Егемендік туралы декларацияның қабылдануы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына жол ашты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. Олардың басты мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және баршаға тең мүмкіндік жасау.

Біздің ортақ міндетіміз — тәуелсіздігімізді нығайтып, бірлігімізді сақтап, келер ұрпаққа өркендеген ел аманаттау. Осы жолда әрқайсымыздың еңбегіміз бен жауапкершілігіміз маңызды. Өңіріміздің әрбір жетістігінде сіздердің адал еңбектеріңіз, елге деген жанашырлықтарыңыз бар. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта қуаныш пен татулық орнап, еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! — деп жазды СҚО әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *