Жарияланған күні: 27.11.2024
«Қызылжар СК» футбол клубына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Петропавлдағы «Қызылжар СК» футбол клубына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұл мәліметте команданың миллиондаған қарызы бар екені туралы да айтылады. Сондай-ақ жергілікті клубтың экс-басшысы Григорий Лорияның есімі де аталады.
СҚО прокурорлары тексеріс кезінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың ұрланғанын анықтады. Осылайша, клубтың басшылығына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі.
Сурет: ашық дереккөзден алынды
— Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды, — делінген прокуратура хабарламасында.
Полицейлер отбасылық жанжалқойлармен кездесті