Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

115,1 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ел Президентінің пайдаланылмайтын және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасы Солтүстік Қазақстан облысында ойдағыдай жүзеге асып келеді. Жыл басынан бері өңірдегі 115,1 мың гектар жер қайтарылғаны белгілі.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының отырысында айтылғандай, биылғы жоспар 82,2 пайызға орындалды. Қайтарылған жер ауыл тұрғындарына мал жайылымы мақсатына немесе конкурс арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылады.
— 2022 жылдан бері қайтарылған 648,9 мың гектар аумақтың 387,6 мыңы қайта бөлінді, — деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Марат Төлеев.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент басшысының м.а. Айтбай Байдүйсеновтің айтуынша, биыл 152,6 мың га аумақта 74 тексеріс жүргізіліп, 38 заң бұзушылық анықталған және 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Соттарда 14 талап-арыз қаралуда.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *