Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдың әуежайы жаңартылады

Петропавлдағы «Қызылжар» әуежайының транзиттік әлеуетін жоғарлату мақсатында нысан жаңартылмақ.

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов әуежай инфрақұрылымын дамыту Президент белгілеген Жолдаудағы басымдыққа сәйкес келетінін атап өтті.

— Облыстың көлік-логистикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі Петропавлдың әуежайы болып қала береді. Биыл әуежай аумағында ауданы 222 гектар «Qyzyljar» АЭА №8 арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл мультимодальды көлік хабын құруға мүмкіндік береді. Әуежайға кірме теміржол құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселесі пысықталуда. Оның ұзындығы шамамен 6,5 шақырымды құрайтын болады, — деді Н. Кеңесов.

Ол 3500 метрге дейін ұзартылған ұшу-қону жолағын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленгені туралы да хабардар етті. Бұл ауыр, ұзақ қашықтықтағы кемелерді толық жүктемемен қабылдауға мүмкіндік береді.

— Аталған шаралар әуежайды жаңартып қана қоймайды. Елдің солтүстігінде әуе, теміржол және автомобиль көлігін біріктіретін заманауи халықаралық авиациялық-логистикалық орталық қалыптастыру бағытында жасалмақ. Жұмыс сапасы мен облыс тұрғындары үшін көліктік қолжетімділікті нақты арттыру басымдық болып қала береді, — деп атап өтті Н.Кеңесов.

ҚР Үкіметінің ақпараты бойынша, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Петропавл әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуге Көлік және энергетика вице-министрлері, СҚО әкімі, «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС басшысы қатысты.

2025 жылы әуежай 132,5 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есе көп болды. Түнгі рейстерді орындауға шектеулер алынып тасталды. Алдағы уақытта ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, халықаралық бағыттарды дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ авиациялық отынның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету және мультимодальды логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жоспарланған жобаларды уақтылы іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *