Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қарашаның ауа райы жылы болмақ

«Қазгидромет» мамандары қараша айының басында өңірде жылы ауа райы сақталатынын алға тартуда. Күндіз сынап бағанасы +5-тен 13 градусқа дейін жылуды көрсетсе, түнде 0-ден +5 градусқа дейін барады. 

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, қараша айының басы жылы болғанымен, айдың соңында сынап бағанасы -23-ке дейін төмендемек.

— Айдың ортасынан бастап ауа райы құбылмалы болады. Жылы күндер суықпен алмасып, температура бірде көтеріліп, бірде төмендейді. Жылы кезеңдерде түнде ауа температурасы -3…+5 градус, күндіз +1…+10 градус аралығында болады. Ал суық ауа массалары келгенде түнде -1…-13 градусқа, күндіз 0…-8 градусқа дейін төмендейді. Кейбір түндері аяз күшейіп, сынап бағанасы -23 градусқа дейін түсуі мүмкін, — дейді мамандар.

Қарашада жауын-шашын да жиі түседі. Күннің жылынуы мен күрт суытуы салдарынан жолдарда көктайғақ пайда болып, ағаштар мен электр сымдарын мұз басуы ықтимал. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *