Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бүгін — Кәсіпкерлер күні

Бүгіндері елімізде Кәсіпкерлер күні аталып өтіледі. Облыс тұрғындарын айтулы мерекемен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, ізгі тілегін жазды.

— Құрметті кәсіпкерлер! Бастамашылдықтарыңыз, табандылықтарыңыз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын. Қызметкерлеріңізге қамқорлық танытып, жерлестерімізге көмек көрсетіп, ортақ міндеттерді шешуге атсалысып жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сенімді серіктестер мен табысты жобалар тілеймін! — деп жазды облыс әкімі.

2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша облыс экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 33%-ды құрады. Бүгінде өңірде 33 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істеп, 97 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдауға, бизнесті қорғауға және отандық өндірісті дамытуға ерекше мән береді. Биыл тек екі бағдарламаның аясында облыс кәсіпкерлеріне 10,2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *