Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда концерттік залы бар оқу корпусы салынады

Петропавлда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалына арналған концерттік залы бар оқу корпусы салынады.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов хабарлады. Филиал осы жылдың қыркүйек айында жұмыс істей бастады. Оның алғашқы студенттері еліміздің 15 облысынан, сондай-ақ Астана, Петропавл және Шымкенттен 97 жас студент келді.

Қазір оқу М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында өтуде. Білім беру процесіне жергілікті педагогтар мен ҚазҰӨУ оқытушылары тартылды.

— Ауқымды жоба іске асырылуда — біздің екінші жоғары оқу орны — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті үшін концерт залы бар корпус салу, — деп хабарлады Ж.Жұмағұлов.

Оқу корпусы 600 орынға, концерт залы 250 орынға есептелген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *