Жарияланған күні: 08.04.2025
Есірткі таратқан шетелдік азамат ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі өткізді деген күдікпен жақын шетелдердің бірінің 24 жастағы азаматын ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 21,7 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер тәркіленді. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерлерден ішінде салмағы 3,2 грамм болатын осыған ұқсас зат бар екі түйіншек табылды.
Сараптама олардың мефедрон және α-PvP синтетикалық есірткілері екенін көрсетті. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт Астанадағы аспаздық жұмысын тастап, есірткі сатумен айналысу үшін Петропавлға келген. Тәртіп сақшылары оны қалаға келгеннен кейін 11 күн өткен соң қолға түсірді.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.