Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
19 Mai
20°C
20 Mai
22°C
21 Mai
18°C
22 Mai
13°C
23 Mai
14°C
24 Mai
17°C
25 Mai
15°C
>
Mons
19 Mai
20°C
20 Mai
22°C
21 Mai
18°C
22 Mai
13°C
23 Mai
14°C
24 Mai
17°C
25 Mai
15°C
01:15:55Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Еңбек адамы: Елдің болашағы жұмысшы мамандардың қолында

«Raduga KDR» ЖШС пластик қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады. Бұл істе Владислав Самуткиннің еңбегі зор. Ол осы кәсіпорында 12 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Мұнда пленка, бөтелке сынды материалдарға екінші өмір сыйланады. Мұнымен қоса, бұл кәсіпорында Владиславтың бауырлары да жұмыс істеп келеді.
Владислав үшін өндіріс – жай ғана жұмыс емес, өмірінің бір бөлігі. Ол «Raduga KDR» ЖШС-інде бауырлары Ростислав пен Вячеславпен бірге еңбек етеді. Арнайы оқу орталығында білім алған ағалары өндірісте сенімді тірекке айналған. Бүгінде Самуткиндер әулеті – жай ғана қызметкерлер емес, ортақ мақсат пен отбасылық құндылықтарды ту еткен нағыз команда.
— Біздің компанияны еліміздегі ең үздіктердің бірі деуге толық негіз бар. Біз бір орында тұрмай, үнемі дамып отырамыз. Компанияда жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Тек еңбек ету керек. Жастар жұмысшы мамандықтарынан қорықпауы тиіс. Егер біз осындай өндірістерде жұмыс істемесек, онда елімізді кім көтереді?, — дейді Владислав.
«Raduga KDR» ЖШС – Қазақстан нарығында ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан компания. Оның негізгі бағыттарының бірі – қайталама шикізатты кәдеге жарату. Заманауи технологиялар мен білікті қызметкерлердің арқасында пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттер және қағаз сияқты қалдықтар қайта өңделіп, жаңа өнімге айналады. Бұл қоқыс көлемін азайтумен қатар, табиғи ресурстарды үнемдеуге және өндірісті экологиялық таза етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2025 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл шешім Владислав Самуткин еңбегінің бағалануының бір көрінісі. Өйткені ол еңбек адамдарының күшімен ғана қуатты, экологиялық таза әрі өркендеген мемлекет құруға болатынына кәміл сенеді. Владислав жас буын үшін еңбекқорлық пен өз ісіне берілгендіктің нағыз үлгісі. Ол жұмысшы мамандығын таңдау – амалсыздықтан емес, керісінше үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін саналы таңдау.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *