Петропавлда ағаш көшеттері отырғызылды
Петропавлдағы орталық саябақта жас ағаш көшеттері отырғызылды. Жасыл желектілерді қала тұрғындары еріктілермен бірлесіп, жаңа аллеяны ашты.

Қалалықтар 100 тарта жас көшетті отырғызды. Белсенділердің сөзінше, талдар теріскей климатына без бейімделіп, қақаған аяздарға шыдас бере алады. Экологиялық акцияға 80-ге жуық азамат қатысты.
Мамандардың айтуынша, араға бес-алты жыл салып, жас көшеттер өсіп, айналаны шағын жасыл орманға айналдырмақ. Сондай-ақ жасылжелекітлердің арқасында қалалықтар ыстық күндері көлеңкесінде тынығып, таза ауамен тыныстай алмақ.
— Бұл аумақ ескі парктің жері. Мұнда қарағай, қайың ағаштары мен үйіңкі өседі. Жас көшеттері бұл аймақты түрлендіре түседі деген сенімдеміз. Мұндағы жер талдарды отырғызуға таптырмас орын деп есептеймін. Ылғалы көп әрі топырағы құнарлы болғандықтан, ағаштар тез ортаға бейімделеді, — дейді дендролог Тимур Зверяченко.
Петропавлда қазанның 24-і күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

