Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда қарттарға арналған қайырымдылық шара өтті

Республика күні қарсаңында «Надежда» қарттар үйінде ерекше жылулық пен қуанышқа толы іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында жеке кәсіпкердің демеушілігімен қарттарға қамқорлық көрсетіліп, олар азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Жеке кәсіпкер дәмді нан мен тәттілерді ұсынса, Петропавл қаласының Жастар Ресурстық Орталығы қарттар үйіне үнемі көмек көрсетіп, концерттер ұйымдастырады.

“Надежда” қарттар үйінде қазіргі уақытта 50 қария тұрып жатыр. Мұндағы тұрғындар ұйымшыл, бір-біріне қамқор. Олар өздеріне көңіл бөліп, мереке ұйымдастырған жеке кәсіпкер мен жастарға алғыстарын білдірді.

Қарттар үйінің тұрғындары мұндай ілтипат пен жан жылуын ерекше бағалайды. Олар қоғамнан алыстамай, әрдайым назарда болғандарын қалайды.

Петропавлда заң тақырыбы арқау болған форум өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *