Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Республика күні қарсаңында жерлестеріміз марапатталды

Облыстың дамуына өз үлесін қосып келе жатқан 30-дан астам өңір тұрғынын облыс әкімі марапаттады.  Салтанатты жиын С.Мұқанов атындағы облыстық сазды драма театрында өтті. 

Қазақстан Республикасына Егемендік туралы декларациясы осыдан тура 35 жыл бұрын қабылданған болатын. Еліміздің тәуелсіздігін айғақтайтын құжат бүгіндері жоғары маңызға ие.

Бүгіндері ұлттық мереке саналатын Республика күні кең көлемде еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Дәстүрге сәйкес, облыс орталығында да салтанатты жиын өтті. Айтулы мереке қарсаңында бір топ азаматты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

— Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашылды, жолдар салынды. Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Өңіріміз соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Адал еңбекті жоғары қоятын солтүстік жұртшылығы ұлы мерекені болашақ ұрпаққа насихаттауды жалғастырады деп сенемін, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Елордада екі жерлесіміз Президент қолынан марапат алса, бүгін осы сынды наградаларды Мемлекет басшысы атынан облыс әкімі табыстады. Еңбегі зая кетпеген азаматтардың бірі — Құдайберген Қалиев. Өңіріміздің құрметті тұрғынына «3-ші дәрежелеі Барыс ордені» табысталды. Бұдан бөлек, бірқатар азамат облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.

Салтанатты шара үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.

Жерлестеріміз Президент қолынан марапат алды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *