Жарияланған күні: 13.03.2026
Референдумда 596 комиссия жұмыс істемек
Референдум күні жалпы өңір бойынша 596 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 15-і — аумақтық, ал 581-і — учаскелік референдум комиссиялары болмақ.

Референдум комиссиясы мүшесі Сағындық Рахымжанның айтуынша, комиссияларда 3382 мүше бар.
Оның ішінде аумақтық комиссияларда — 105, учаскелік комиссияларда — 3277 адам жұмыс істейді.
Естеріңізге салсақ, ертең сенбі күні тыныштық күні, ал жексенбі 15-ші наурыз халық өз таңдауын жасамақ.


