Жарияланған күні: 23.04.2026
Оқуға түсу емтихандарының жаңа форматы енгізіле ме?
Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ-ға балама болатын оқуға түсу емтиханының жаңа форматын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы тестілеу еш өзгеріссіз өтеді.
— Биыл ешқандай өзгеріс болмайды, бәрі алдын ала жарияланған кесте бойынша өтеді. Біз жоспар бойынша келе жатырмыз. Екі байқау тесті өтіп үлгерді. Қазір бірінші негізгі ҰБТ басталады, содан кейін екінші, үшінші және тамыз айында бесіншісі болады, — деді министр.
Ал 2027 жылдан бастап пилоттық режимде AIT (Admission Insight Test) деп аталатын жаңа тест енгізіле бастайды.

