Петропавлдық полицейлердің бөлімшелері жаңартылды
Облыста ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде нығайтылуда. Биыл полицияны жарақтандыруға шамамен 4,5 млрд теңге бөлінді. 180 қызметтік автокөлік пен толық жетекті 4 квадроцикл сатып алынды.
Сонымен қатар күрделі жөндеуді қажет еткен қызметтік ғимараттар да жаңартылуда. Облыс аудандарындағы 13 жедел басқару орталығы, сондай-ақ Петропавл қалалық полиция басқармасына қарасты Бірінші полиция бөліміндегі, № 5 полиция учаскелік пунктіндегі және патрульдік полиция батальонындағы тағы үш орталық күрделі жөндеуден өтті.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Бірінші полиция бөлімі мен № 5 полиция учаскелік пунктіне барып, күрделі жөндеу нәтижелерімен танысты. Өңір басшысы қызметкерлердің қызмет атқаруына және азаматтарды қабылдауға жасалған жағдайларды көрді.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде облыста тіркелген қылмыстар саны 13,4 пайызға азайды.

