Петропавлдағы Ойқала шағынауданында спорт кешені халық салынды
Республика күнінде Петропавлдың Ойқала шағынауданында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен салынған ангар үлгісіндегі модульдік спорт залы ашылды. Салтанатты шара Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қор басқармасының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

Жаңа нысан су тасқынынан кейін бұзылған үйлердің орнына салынды. Оның ашылуы шағын ауданды жаңғырту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жолындағы тағы бір маңызды қадам болды. Жобаның құны 200 млн теңгені құрады. Спорт залында шағын футбол, баскетбол және волейболмен айналысуға, жаттығулар мен спорттық іс-шаралар өткізуге жағдай жасалған.

Соңғы төрт жылда қордың қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын 21 әлеуметтік жоба мен 31 қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар тұрғындарға нақты көмек көрсетуге және өңір үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.


