Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ақылды бейнекамералардың көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 83 мыңнан астам дерегі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары ақылды бейнекамералардың көмегімен 83 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, – деп хабарлайды тілшіміз.  «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жол жүрісі ережелерін өрескел бұзушылары мен айыппұл төлеушілерді жауапкершілікке тарту жөніндегі бірлескен жұмысы жанданды. Жолда құқық бұзушылықтарға жол беретін жосықсыз жүргізушілерді «интеллектуалды» бейнебақылау жүйелерін анықтауға көмектеседі. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 28 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді. Олар жылдамдықтың жоғарылауын, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту және тоқтау сызығының бұзылуын автоматты түрде тіркейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер негізінен жаяу жүргіншілер өткелдерінің, оқу орындарының, стадиондардың және көше жол желісінің ең қауіпті учаскелері мен қозғалысы жанданған көшелердің қиылысында орнатылды. 10 айда тіркелген жол көлік оқиғаларының талдауына сәйкес 327 апатта 126 адам зардап шеккен. Тіркелген көлік апаттарының үштен бірінен астамы қиылыстардан өту ережелерін бұзу себебінен жасалған.

«Қиылыстағы әрбір бұзушылық апат қаупін арттырады. Сондықтан аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмысына үлкен мән беріледі. Бүгінде олардың орнатылған орындарында бірде-бір жол көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Жыл басынан бері әкімшілік полицейлер жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп ақылды бейнекамералардың көмегімен 83 426 жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты. Атап айтқанда, жылдың басынан бері 29 жастағы Қырғызстан азаматы рұқсат етілген жылдамдыты 44 рет асырғандығы анықталды. Енді оған өрескел бұзушылықтар үшін 2 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге тура келді», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлер ақылды бейнекамераларды жүргізушілерді тәртіпке салудың сенімді техникалық құралдарының бірі екендігін айтады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *