Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 2 мыңға жуық факті тіркелген

Жыл басынан бері облыста отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 1874 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды тілшіміз.

500-ге жуық адам әкімшілік қамауға алынып, 300-ге тарта тұрғынға ескерту айтылған. Ал 6 азаматқа айыппұл салыныпты. «Өңірде отбасында жасалған қылмыс саны 23 пайызға азайды»,- дейді полиция қызметкерлері. Олардың айтуынша бұған алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде атқару өз ықпалын тигізген.

 «Отбасындағы кикілжіңнің негізгі себептері: жұмыссыздық пен маскүнемдік. Салдарынан адам агрессияға бой алдырып, қатыгездікке жол береді. Содан жақындарына қол жұмсауға дейін барады. Үйде жанжал шығарып, отбасына тыныштық бермеген адам 20 күнге қамауға алынады. Олар үйлеріне қайтқаннан кейін де жиі барып тексеріп отырамыз»,- дейді СҚО ПД ЖПҚБ аға инпекторы Әсия Абжанова.

Мамандардың айтуынша қанша жерден күйеуінен азап көріп отырса да отбасы үшін шыдап отырған әйелдер баршылық. Қазақстандық нәзікжандылардың 15 пайызы күйеудің әйелді ұруға құқығы бар деп санайды екен. Бұл – қоғамда жүргізілген зерттеу нәтижесі. СҚО бойынша балалар, отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Сұрағанова қорлық көрген нәзікжандылар бұны жасырмай, құзырлы органдарға хабарласуы қажет  деп есептейді.

 «Жәбірленушілер сөзден де, істен де қорықпауы қажет. Бүгінде Қазақстанда 41 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның 14-і мемлекеттік болып саналады. Біздің облысымызда арнайы «Аналар үйі» баспанасы жұмыс істеп тұр. Мұнда жақындарынан қолдау таппаған әйелдер келеді. Әрқайсысының жағдайы әр түрлі. Орталық мамандары оларға құқықтық, психологиялық және басқа да көмек көрсетеді», — деді СҚО бойынша балалар, отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Сұрағанова.

Елде соңғы 4 жылда отбасылық зорлық-зомбылықтан 870-ке жуық адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алған.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *