Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл өңірге 189 квота бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасымен бала сүйгісі келетін отбасылар үшін биыл 189 квота бөлінді. Репродуктолог дәрігерлердің айтуынша осы жылы әсіресе шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарына басымдық берілмек. Себебі  бүгінгі күні есепте тұрғандардың дені ауыл азаматтары.  Және олар көп жағдайда бұл жобадан қалыс қалып жатады.

Естеріңізге сала кетейік 2021 жылы Президент пәрменімен аталған әлеуметтік жоба қолға алынды. Осы уақыт аралығында өңірде 608 жұпқа әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қолдау көрсетілді.  Нәтижесінде 172 бала дүниеге келді. Оның 24-і егіздер.

«Бүгінгі күні өңірде 923 жұп есепте тұр. Тек қаңтар айында 131 отбасы келіп, жобаға қатысуға ниет берді. Әзір біз оның 27-ін бақылауға алдық. Айта кету қажет егер олар бала көтере алмаса, келер жылы тағы өтініш бере алады. Яғни ешқандай шектеу жоқ», — деді облыстық перинаталдық орталығының репродуктолог-дәрігері Виктор Проценко.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *