Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 5 жаңа автобус жолға шықты

Петропавл қаласында автобус паркі жаңартылып жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше  5 жаңа  автобус жолға  шықты.  

«Dongfeng» маркалы қоғамдық көліктер 31 бағыт бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуді бастап кеткен. Қазіргі таңда облыс орталығында күніне 18 маршрут бойынша шамамен 185 автобус қатынайды. Соңғы жылдары  шаhардағы қоғамдық көліктер жаппай жаңартыла бастады. Мәселен 2021 жылы 100 автобус сатып алынып,  машина паркі 51% жаңарды.  Ал, өткен жылы «Kyzylzhar Buses» серіктестігінің басшысы «Dongfeng» маркалы автобустар алған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

«Біздің мекеме қалада адам тасымалымен  айналысады. Былтырғы жылы саяжай бағыттарына қатынайтын автобустарды ауыстырдық. Енді міне биыл тағы бесеуін алып жатырмыз. Жалпы бүгінгі күні бізде барлығы 80 –ге жуық техника бар. Көліктеріміздің  90 пайызы  жаңа деп айта аламын. Дегенмен алдағы жоспарымыз ауқымды.Сәтін салса  бұл шаруаларды алдағы уақытта жалғастыруды көздеп отырмыз. Себебі тұрғындарға сапалы қызмет керсетуді  біздің басты міндетіміз» , — деді «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС жетекшісі Бауыржан Кұсайынов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *