Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында жаңа емхана салынады
Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында жаңа емхана салынатын болды, деп хабарлайды тілшіміз. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөл ауылында болып, аудандық аурухананың бүгінгі тыныс тіршілігімен танысты. Емдеу мекемесінде күніне 200 адамды қабылдайды.
Уақыт өткен сайын ауылда халық саны артып келеді. Сондықтан жаңасын тұрғызу керек.
«Қызылжар ауданы халқына сапалы қызмет көрсете алатын жаңа ғимарат қажет. Ол үшін экономикалық есептерді жасауды тапсырдым. Олардың негізінде жаңа емхананың құрылысы туралы шешім қабылданады», – деп жаздыоблыс әкімі өзінің әлеуметтік парақшасында.
Облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 38 медициналық нысан салынады. Қызылжар ауданында Большая Малышка, Пресновка, Асаново, Новокаменка, Пеньково, Белое, Налобино және Кондратовка ауылдарында 8 медициналық ұйым тұрғызылады.