Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бөгеттердің жағдайын тексеріп, жеке сектордан қар шығаруды күшейтуді тапсырды

Су тасқыны кезеңіне дайындық ерекше бақылауда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Ойқала», «Былғары кенті» және «Тепличное» мен  «Прибрежное» ауылдарындағы бөгеттердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды тілшіміз.

Өңір жетекшісінің айтуынша, қазірдің өзінде тасқынға толық дайын болу керек: іс-шаралар жоспарын жасап, жабдықпен қамтамасыз етіп,  инертті материалдарды жинау қажет. Сонымен қатар, аймақ басшысы қардан тазалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Қарашадан бері  облыс орталығынан 550 мың текше метр қар шығарылды, мердігерлер күн сайын облыс орталығының көшелерінен 11 500 мың текше метр қар жинауда.

«Қазір бұл көрсеткішті тағы өсіру керек. Кем дегенде екі ауысыммен жұмыс жасаған абзал, әсіресе жеке секторда. Бұл тек негізгі көшелерге ғана емес, жеке үйлерді су басу қаупі жоғары шағын көшелерге де қатысты», — деді СҚО әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *