Алимент төлеуден жалтарған азамат Ақмола облысында табылды
СҚО-да 2019 жылдан бері балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат табылды.
Полицейлер 8 және 7 жастағы екі ұлы мен қызына алимент төлеуден жалтарған солтүстікқазақстандықты іздеп тапты. Тәртіп сақшылары оның Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан жерінде анықтады. Материалдар сот орындаушыларына жіберілді.
Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелерінде айыппұлдар, борышкер мен алимент төлемеушілер немесе туыстық байланыстарын жоғалтқан 60 адам іздеуде. Бір жарым айдың ішінде тәртіп сақшылар олардың 19-ын тауып, құзырлы органдарына тапсырды.
Белгілі болғандай, өаңтар айынан бастап көші-қон қызметінің мамандары елде болу мерзімінің 69 бұзылуын және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырудың 7 фактісін анықтады. Мұндай жағдайларды анықтау мақсатында шаруа және фермер қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, құрылыс объектілеріне, базарларға, вокзалдарға және басқа да заңсыз еңбек мигранттары болуы ықтимал жерлерге тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстанның 23 азаматы үш күндік мерзім ішінде полицияға шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды.