Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Абаттандыру ережесін бұзған 23 кәсіпкер жазаланды

Петропавл қаласы полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 47 кәсіпкерлік нысанының иесімен кездесіп, абаттандыру ережелерін сақтау жөнінде әңгімелесті.

Бір күннің ішінде 47 кәсіпкерлік нысанның 23 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Заң талаптарын елемей отырған кәсіпкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл баптың санкциясы – ескерту немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіштен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл салуды көздейді, – дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Полицейлер дүкендер мен салондардың жанындағы шығарылмаған қар үйінділері – қала көшелерінің көркін бұзып қана қоймай, жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретінін алға тартуда. Сондай-ақ көктемде су басу қаупін төндіретінін еске салады.

Оқушылар тағы да қашықтан оқып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *