Оқушы қыз анасының достарымен зорланды
Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлағаны анықталды.
Қылмыс жайында облыс прокурорлары ведомствоаралық кеңесте айтты. Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген «достары» кейін оның қызын зорлаған. Прокурорлардың пікірінше, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.
— Оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған, — дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.
СҚО-да су басу қауіпі жоғары 87 елді мекен бар