Қаладан 600 мың текше қар шығарылды
Петропавлда су тасқынын болдырмау мақсатында әрбір қала тұрғыны өз аула маңын қардан тазартауы қажет. Бұл пікірді шаһар басшысы облыс әкімінің халықпен кездесуінде айтты.
– Қыс басталғалы коммуналдық қызметтер қала көшелерінен 600 мың текше қар шығарды. Біздің бірінші міндетіміз су басу қауіпі жоғары шағынаудандарды ақұлпадан тазарту. Әсіресе Заречный, Жұмысшы кенті, Былғары зауыты, Ойқала аймақтары жіті бақылауда болады. Жеке секторды қардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасып келеді. Өйткені сол аймақтар арқылы көлік құралдарының үлкен ағыны өтеді. Сонымен қатар, техника кішігірім көшелерге кіреді, алдымен біз жолдарды қар үйінділерінен босатамыз. Бұл коммуналдық қызметтердің ауыр жүк техникасының кедергісіз өтуі үшін қажет, — Серік Мұхамедиев.