Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылады
Петропавл базарларының бірінде заңсыз еңбек етіп келген Өзбекстан мен Тәжікстанның төрт азаматы анықталды. Олардың біреуінің көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде бірнеше рет бұзғаны белгілі болды.
Сот шешімі бойынша ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Қалғандары 2 тәуліктен 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.
– Қаңтар айының соңында Ақжар аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне отбасылық жағдайына байланысты жеке құжаттары, тіпті туу туралы куәлігі болмаған 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Азаматтықты анықтау үшін өзінің туған жері Ресей Федерациясына және осыған дейін тұрған Алматы облысына сұраулар салуға тура келді. Қазіргі уақытта азаматтықты анықтау рәсімі аяқталып, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы қорытынды енгізілді. Жеке куәлік алу үшін құжаттар берілді, – дейді Талғат Әбілов.