Наурыздың 1-нен бастап «Отау» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Наурыздың 1-нен бастап елімізде «Отау» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Солтүстікқазақстандықтар да бұл жоба қатыса алады. Бағдарламаға қатысу өтінімдері сәуірдің 30-на дейін otbasybank.kz сайтында қабылданады.
«Отау» бағдарламасына ҚР азаматтығы немесе қандас мәртебесі барлар, 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Қатысушылар өзінің және отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде кез-келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы бойынша тексеріледі.
– Облысымызда пәтер алғысы келетіндерге ипотека 18 млн. теңгеге дейін беріледі. Алғашқы жарны пәтер бағасының 20 пайызын құраса, несиенің жылдық мөлшерлемесі 9 пайыз. Қаражат салымшыға 19 жылға дейін беріледі, — дейді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ диреторы Алмас Жапабаев.
Бағдарламаға қатысатындардың депозитінде кем дегенде 1 млн. теңге көлемінде қаражат болуы қажет.