Жарияланған күні: 01.04.2024
Күмәнді көлік жайлы хабар
Бүгін Петропавлдағы көшелердің бірінде «102» пультіне мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ күмәнді көлік тұрғаны ақпарат келіп түсті. Ішінде күдікті заттар бар болуы мүмкін туралы да айтылды.
СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ауди» маркілі көлігі жайлы ақпарат түсісімен теміртұлпарды тексеруге полицейлер жіберілді. Бірден оның оның иесі анықталды. Ол 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
– Ұзақ бойы көшеде тұрған көлік тексерілді. Иесі табылып, теміртұлпардың ішінде күдікті заттар табылған жоқ, — делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.