Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Бәрі бір адамды құтқармақ болған»: Түркістан облысында 11 адам суға кетті.

Кеше кешкісін Түркістан облысының Отырар ауданында 11 адам суға батып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Шәуілдір-Көксарай бағытындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Өзен жағасына шомылуға барған 21 адамның 11-і рұқсат суға батып кеткен. Іздеу жұмыстары жалғасуда.  Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеуде. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды. 

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын хабарлады.

«Туыстарының айтуынша, бір әулеттің мүшелері тойдан кейін демалуға тоқтаған. Ешкімнің суға түсу туралы ойы болмаған, яғни арнайы суға түсу үшін тоқтамаған. Жаға тайғақ болған соң біреуінің аяғы тайып кеткен. Артынша басқалары оны құтқаруға ұмтылған», — деді ол. 

Әкімдік өкілінің айтуынша, барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Яғни, олар суға түсуге немесе демалуға барды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері қайғылы жағдайға тап болды. 21 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, 6-ауы – ересек. Өкінішке қарай, 8 адамның мәйіті табылды, қалған үш адам іздестіріліп жатыр.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *