Жарияланған күні: 13.05.2024
Елордалық комбинат СҚО-да 300 үй салады
СҚО әкімі Ғауез Нүрмұхамбетов Астанада ірі панельді баспананы салуға маманданған «Үй құрылысы комбинаты GLB» зауытының басшылығымен кездесті. Олардың көмегімен «Kaspi» АҚ қаражатына Солнечный 2 шағын ауданында 300 тұрғын үй салынады.
Бұл кәсіпорынмен ынтымақтастық тасқыннан зардап шеккендерге тез арада үй салуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, қазір «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 үй салынып жатыр. Сондай-ақ, «Kazakhmys» корпорациясы «Қазақстан халқына» қоры арқылы тағы 100 үйдің құрылысын бастады. Барлығы Солнечный 2 шағын ауданында бекітілген үш жоба бойынша 500 үй салынбақ.